
Ақпанның алғашқы бейсенбісі – Дүниежүзілік сайлау күні
Осы айтулы мерекеге орай Исатай ауданының әкімі Мусин Нұрым Бекежанұлы сайлау саласында еңбек етіп жүрген азаматтарды мерекемен құттықтап, сайлау жүйесін дамытуға қосқан үлестері үшін алғыс хаттармен марапаттады.
Мерекелік шара аясында Исатай аудандық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қабыл Рамазанұлы Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Қыстаубаева Әсия Баянқызы және Исатай аудандық аумақтық сайлау комисссиясы атынан мереке қарсаңында сайлау саласында адал қызмет етіп жүрген, бірқатар азаматтарға ізгі тілегін білдіріп, алғыс хаттармен марапаттады.
Дүниежүзілік сайлау күні – демократиялық құндылықтарды дәріптейтін, азаматтық жауапкершілікті айшықтайтын маңызды күн. Барша марапат иелерін құттықтаймыз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-isatai/press/news/details/1153730?lang=kk

Жауап қалдыру