Алдын -алу – қауіпсіздіктің кепілі

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қауіпсіздік қызметінің тиімділігін арттыру және өзара іс-қимылды нығайту мақсатында полиция ведомствосында жекеменшік күзет ұйымдарының өкілдерімен кездесу өтті.

Кездесудің негізгі тақырыбы полиция мен күзет қызметі субъектілері арасындағы өзара әрекеттестікті тереңдету болды.

Павлодар облысы Полиция департаменті бастығының орынбасары Малик Оңғарбаев кездесуді аша отырып, қауіпсіздікті қамтамасыз етуде мемлекеттік және жекеменшік институттар серіктестігінің маңызы артып келе жатқанын атап өтті.
— Қазіргі таңда қауіпсіздіктің кешенді тәсілі қажеттілікке айналды. Қоғамдық тәртіпті сақтау бойынша өз міндеттерін атқарып отырған полицияға қауіпсіздік жүйесінің ажырамас бөлігіне айналған күзет құрылымдарының тиімді қолдау қажет, — деді ол.

Кездесу барысында күзет қызметін бақылау бөлімінің бастығы Серік Ахмадиев ішкі істер органдары мен жекеменшік күзет ұйымдарының қылмыстың алдын алу және құқық бұзушылықтардың жолын кесу мәселелері бойынша өзара іс-қимылы туралы баяндама жасап, сондай-ақ күзет қызметі саласындағы Қазақстан Республикасы заңнамасын бұзу жөніндегі баптың талаптарын қатысушыларға жеткізді.

Полиция өкілдері қызмет атқару кезінде анықталған құқық бұзушылықтар туралы құқық қорғау органдарына уақтылы хабарлау қажеттігін атап өтті.

Кездесуге қатысушылар мұндай іс-шаралар сенімді нығайтуға, нысандарды қорғауда бірыңғай тәсілді қалыптастыруға және құқыққа қайшы әрекеттердің алдын алуға ықпал ететінін жеткізді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-pavlodar/press/news/details/1153855?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді