
Жаңақорған ауданы аумағында автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 430 шақырымды құрайды.
2025 жылы 5,1 млрд. теңге бөлініп, 2 аудандық маңызы бар автомобиль жолына және елді мекендердің 62 шақырымды құрайтын 40 көшесіне күрделі және орташа жөндеу жұмыстары жасалды.
Сонымен қатар, облыс әкімі Нұрлыбек Машбекұлының ерекше қолдауымен облыстық бюджеттен 1 млрд теңге бөлініп, аудан орталығындағы негізгі даңғылымыз болып саналатын Хорасан ата көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары жүргізілді. Нәтижесінде кент тұрғындарының тілегі орындалып, кенттің ажары ашылып, жол инфрақұрылымы жақсарып, заманауи жарықшамдар мен аялдамалар орнатылып, тұрғындардың қауіпсіз әрі жайлы қатынауына қолайлы жағдай жасалды.
Атқарылған жұмыстардың нәтижесінде аудандық маңыздағы автомобиль жолдарының жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы үлесі 98,4 пайызға, елді мекен көшелеріндегі үлесі 66,5 пайызға жеткізілді.
Биылғы жылы да аудандағы жол инфрақұрылымын жақсартуға 1,8 млрд теңге жоспарланып отыр.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-zhanakorgan/press/news/details/1154026?lang=kk

Жауап қалдыру