Ертіс ауданы оқушыларының экологиялық бастамасы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Ертіс ауданының оқушылары арасында экологиялық мәдениетті қалыптастыру мақсатында Хазаева Сацитаның жетекшілігімен «Оқушыларды волонтерлік қозғалысқа тарту арқылы экологиялық мәдениет пен сананы дамыту» атты әлеуметтік жоба жүзеге асырылуда. Жобаның негізгі мақсаты – мектепте волонтерлік қозғалысты дамыту арқылы табиғатты қорғауға жауапты көзқарас қалыптастыру.

Жоба аясында 8–10 сынып оқушыларынан құралған «Жасыл десант» клубы құрылып, олар туған өлкенің табиғатын зерттеу, экологиялық акциялар мен сенбіліктерге қатысу, сауалнама жүргізу және ақпараттық парақшалар тарату жұмыстарын атқарды. Нәтижесінде мектеп ауласы тазартылып, көгалдандыру жұмыстары жүргізілді.

Жоба оқушылардың экологиялық сауаттылығын арттырып, қоғамдық жұмыстарға белсенді қатысуына ықпал етті. Аталған бастама ауыл мен мектеп аумағының санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған өзекті әрі маңызды жоба болып табылады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/pavlodar-edu/press/news/details/1154040?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді