
2026 жылы 5 ақпанда аталып өтетін “Дүниежүзілік сайлау күні” қарсаңында Жылыой аудандық аумақтық сайлау комиссиясының “Дүниежүзілік сайлау күніне” арналған іс-шаралар жоспарына сәйкес, аудандық аумақтық сайлау комиссиясы ғимаратында аудандық сайлау комиссиясы мүшелерінің ұйымдастыруымен “Ашық есік” күні шарасы өткізілді.
Сайлаушыларды қабылдау барысында еліміздің сайлау заңнамалары бойынша түсінік беріліп, сайлау шараларының маңыздылығы түсіндірілді. Сонымен қатар, Дүниежүзілік сайлау күні туралы мәліметтер берілді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/atyrau-zhylyoy/press/news/details/1154319?lang=kk

Жауап қалдыру