
Павлодар қаласында 7–8 сынып оқушылары арасында география пәні бойынша жасөспірімдер олимпиадасының облыстық кезеңі өтті. Зияткерлік сайысқа Павлодар облысының әр өңірінен 36 оқушы қатысып, білім мен логикалық ойлау деңгейін сынға салды.
Олимпиада қорытындысы бойынша Екібастұз қаласының №35 мектеп-гимназиясының 8-сынып оқушысы Билялова Дамира жүлделі екінші орынды иеленіп, II дәрежелі дипломмен марапатталды. Оқушыны байқауға дайындаған жетекшісі – Тюрембаева Жанар Аблаевна.
Бұл нәтиже Екібастұз қаласындағы білім беру ұйымдарында пәндік дайындықтың жүйелі түрде жүргізіліп, оқушылардың ғылыми-танымдық әлеуетіне ерекше көңіл бөлінетінін көрсетеді.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ekibastuz-goo/press/news/details/1155022?lang=kk

Жауап қалдыру