ХРОМТАУ ҚАРҚЫНДЫ ДАМУДА: ЖОЛДАР ЖАҢАРЫП, АУЛАЛАР АБАТТАНЫП, ҚАЛА КЕЛБЕТІ ӨЗГЕРУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылы Хромтау қаласында инфрақұрылымды дамыту бағытында жүйелі жұмыстар жүргізіліп, бірқатар маңызды жобалар іске асты. Бұл туралы қала әкімі мәлімдеді. Жүргізілген жұмыстар нәтижесінде жол сапасы, тұрғын үй қорының жағдайы, көгалдандыру және абаттандыру көрсеткіштері айтарлықтай жақсарды.

Жол инфрақұрылымы
Қалаішілік автомобиль жолдарының жалпы ұзындығы 72,652 шақырымды құрайды. Қазіргі таңда жолдардың 71,1%-ы қанағаттанарлық жағдайда. 2024–2025 жылдары бірқатар көшелерде орташа және күрделі жөндеу, сондай-ақ қайта жаңғырту жұмыстары жүргізілді. Атап айтқанда, Окраина көшесі мен Қарғалы–Хромтау кіреберіс жолының 5,28 шақырымы күрделі жөндеуден өтті.

Биыл 22 кварталдың 2-учаскесінде 4,2 км жол орташа жөндеуден өткізіліп, нысан пайдалануға берілді. Сонымен қатар бірнеше көшеде жалпы ұзындығы 3,2 км жолға жөндеу жүргізілуде, жоба ауыспалы. Әлеуметтік нысандар аумағында автотұрақтар кеңейтілді.

2026 жылға бірқатар көшелерді қайта жаңғырту және күрделі, орташа жөндеуден өткізуге жобалық-сметалық құжаттар әзірленуде. Жоспар толық орындалған жағдайда, жолдардың қанағаттанарлық үлесі 91,7%-ға дейін жетеді.

Жаяу жүргіншілер инфрақұрылымы
2025 жылы 8 300 ш.м асфальт жабындысымен тротуарлар салынды, орталық көшелерде 5 500 ш.м брусчатка төселді. Келесі жылы 22 ықшам ауданда тротуар желісін кеңейту және орталық саябақ аумағында жаяу жүргіншілер жолын жалғастыру жоспарланған.

Суағар жүйесі
Көктемгі су басу қаупі бар аумақтарда 2 шақырым суағар желісі салынды. Бұл мәселені толық шешу үшін жұмыстар 2026 жылы жалғасады.

Тұрғын үйлерді жаңғырту
Қалада 6 көпқабатты тұрғын үйге қайта жаңғырту жұмыстарына қаржы бөлініп, оның 5-еуі пайдалануға берілді. Тағы бір нысанда шатыр жөндеу жалғасуда. Келесі жылға бір тұрғын үйді күрделі жөндеуге қаржы бөлуге өтінім берілді, сондай-ақ 7 үйге жобалық құжаттама әзірленуде.

2026 жылы бірқатар көпқабатты тұрғын үйлердің қасбеттерін жөндеу жоспарға енгізілген.

Көгалдандыру
Биыл 6 700 ш.м гүлзар, 7 170 ш.м газон егілді. ERG компаниясының демеушілігімен 2 500 көшет отырғызылып, үш жылдық күтім міндеттемесі қарастырылған. Сонымен қатар мыңдаған бұта мен ағаш отырғызылып, бірқатар аллеялар мен саябақтарға автоматтандырылған суару жүйесі орнатылды. 2026 жылы қосымша 3 000 ш.м газон егу жоспарланған.

Абаттандыру
Биыл демеушілік және бюджет қаражаты есебінен аулалар, аллеялар, саябақтар жаңартылып, ондаған балалар және спорт алаңдары, воркаут аймақтары орнатылды. 2026 жылы орталық саябақты этно стильде жаңғырту, жаңа саябақ салу, аллеяларды қайта жаңарту және балалар қалашығын күрделі жөндеу жоспарланған.

Жарықтандыру
Қаладағы 98 көшенің 71-і жарықтандырылған (72,1%). Биыл 11 көшені жаңғырту және 450 ескі шамды ауыстыру жұмыстары жүргізілді. Жобалар аяқталған соң бұл көрсеткіш 85,4%-ға жетеді.

Жалпы, атқарылған және жоспарланған жұмыстар Хромтау қаласының инфрақұрылым сапасын арттырып, тұрғындар үшін қолайлы орта қалыптастыруға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-hromtau/press/news/details/1155104?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді