Батыс Қазақстан облыстық жедел штабының терроризмге қарсы келіссөздер жүргізу тобының қорытынды сабағы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Сабақ барысында келіссөздер процесін жүргізудің психологиялық, діни және теологиялық аспектілері, сондай-ақ терроризмге қарсы операциялар жүргізу жағдайында келіссөздер тобының қызметінің ерекшеліктері қарастырылып, егжей-тегжейлі талқыланды.
Келіссөздер процесінің типтік және стандартты емес сценарийлеріне қосымша талдау жүргізілді, құқық бұзушылармен өзара іс-қимыл жасау кезінде жіберілетін қателер мен олардың алдын алу жолдары қарастырылды. Оқиға сипатына, азаматтардың өмірі мен денсаулығына қауіп-қатер дәрежесіне, сондай-ақ қарсыластың психологиялық жай-күйіне қарай келіссөздер жүргізудің негізгі стратегиялары мен тактикасының сипаттамасы берілді.
Сабақтың қорытындысы бойынша келіссөздер қызметінің тиімділігін арттыру, ведомствоаралық өзара іс-қимылды жетілдіру және топ мүшелерінің кәсіптік даярлық деңгейін арттыру бойынша практикалық ұсыныстар әзірленді.

Материал ҚР ҰҚК БҚОбД ТҚО бөлімінің ақпараттары негізінде дайындалған

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/antiterrosticheskiy-centr/press/news/details/1157447?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді