
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженов жасанды интеллект саласындағы танымал халықаралық сарапшы, ғалым және кәсіпкер Ли Кай-Фумен жүздесті.
Кездесу барысында тараптар отын-энергетика кешенін цифрлық трансформациялаудың өзекті мәселелерін, жасанды интеллектіні (ЖИ) дамытудың әлемдік үрдістерін, сондай-ақ энергетика саласы нысандарының тиімділігін, сенімділігі мен қауіпсіздігін арттыру үшін ЖИ технологияларын қолдану мүмкіндіктерін талқылады. Ли Кай-Фу қолданбалы ЖИ шешімдерін енгізудің халықаралық тәжірибесімен және ірі индустриялық жүйелерде жасанды интеллектіні пайдалану тәсілдерімен бөлісті.
Кездесу қорытындысы бойынша тараптар арасында Қазақстанның отын-энергетика кешенін цифрландыру және ЖИ технологияларын енгізу саласындағы өзара іс-қимылды дамытуға бағытталған ынтымақтастық туралы Меморандумға қол қойылды.
Меморандум аясында тараптар энергетикада қолданбалы ЖИ шешімдерін енгізу, соның ішінде салада қолдану үшін ЖИ-агентін құру бойынша пилоттық жобаны пысықтау және іске асыру бойынша ынтымақтастықты дамытуға ниетті.
Бұған қоса, жоспарланған пилоттық жоба аясында ЖИ модельдерін оқыту және сынақтан өткізу әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің суперкомпьютерлік инфрақұрылымы негізінде жүзеге асырылатыны атап өтілді. Онда отын-энергетика кешені саласындағы салалық технологиялық құзыреттер орталығы құрылған. Бұл инфрақұрылымды пайдалану энергетика саласы үшін ЖИ шешімдерін әзірлеу және тестілеу кезінде қажетті есептеу қуаттылығын, киберқауіпсіздікті және технологиялық егемендікті қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/energo/press/news/details/1157942?lang=kk

Жауап қалдыру