
17 наурыз күні Ақмола облысы әкімінің бірінші орынбасары Елдос Мұратұлы мен Степногорск қаласының әкімі Гайдар Қабдоллаұлы жұмыс сапарымен Бестөбе кентіне барды. Жұмыс тобы алдымен дене шынықтыру-сауықтыру кешенінің және стадионның құрылысымен танысты. Мердігер ұйым құрылыс барысы, жұмыс кестесі мен алдағы жоспарлар туралы ақпарат берді. Сонымен қатар, 300 орындық мектептің құрылысы тексерілді. Жоба балаларға заманауи оқу жағдайын жасауға және оқушы орындарының тапшылығын шешуге мүмкіндік береді. Сапар барысында делегация «Viamedis» емханасына да барып, халыққа көрсетілетін медициналық қызметтердің сапасы мен қолжетімділігін қарастырды. Бестөбе тұрғындары бұл орталықтан міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру аясында және тегін медициналық көмектің кепілдендірілген көлемі шеңберінде қызмет алады. Жұмыс барысы аясында халықты жұмыспен қамту мәселесі де көтерілді. Алдағы уақытта түрлі жобаларды жүзеге асыру кезінде жергілікті тұрғындарды жұмысқа тарту ұсынылды. Бұл халықтың әлеуметтік жағдайын жақсартуға оң әсерін тигізбек.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola-stepnogorsk/press/news/details/964256?lang=kk

Жауап қалдыру