Аягөз аудандық Қоғамдық кеңесінің 2-ші отырысы 2025 жылдың 26 наурызы сағат 15:00- де аудан әкімшілігінің үлкен залында өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Күн тәртібі:

1.Су тасқынының алдын алу туралы

Ақпарат беруші:

1.Қала әкімі А.Ерланов.

2.Аягөз аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль  жолдары және тұрғын үй  инспекциясы бөлімі    басшысының  орынбасары А.Нұрқасымов

2.Қаланың санитарлық жағдайы туралы

Ақпарат беруші:

1.Қала әкімі А.Ерланов.

2.Аягөз аудандық тұрғын үй – коммуналдық шаруашылығы, жолаушылар көлігі, автомобиль  жолдары және тұрғын үй  инспекциясы бөлімі мемлекеттік мекемесінің   сектор меңгерушісі А.Нұрқасымов

3.Әлеуметтік маңызды азық-түлік тауарларының бағасын тұрақтандыру бойынша жүргізілетін іс-шара  туралы

Ақпарат беруші:

 Аягөз ауданының  ауыл шаруашылығы,  жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі  басшысының орынбасары Н.Кантаев

Күн тәртібінің 1 және 2 мәселесі бойынша Су тасқынының алдын алу  және қаланың санитарлық жағдайы туралы Қоғамдық кеңестің мүшелерінің  тарапынан мекеме басшыларына қаламыздағы су ағарлармен көпірлерді уақтылы тазарту керектігі және халыққа көктемде  өз аулаларын қардан уақтылы тазарту  бойынша ескерту жұмыстарын жүргізу туралы ұсыныстар айтылды.

Қоғамдық кеңес мүшелерінің ұсынысы бойынша күн тәртібінің 3-ші мәселесі Аягөз ауданының  ауыл шаруашылығы,  жер қатынастары және кәсіпкерлік бөлімі  басшысының отырысқа келмеуіне байланысты  және сұрақтарға толық жауаптар  болмағандықтан аталған мәселе қайта тыңдалатын болып, келесі отырысқа қалдырылды. 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ayagosmaslihat/press/news/details/964278?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді