Қызылорда облысында автокөліктің өртенуіне жол бермеу, өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде талқыланды  

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Қызылорда облысы ТЖД Мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы, азаматтық қорғау подполковнигі Спанов Бейбітхан Оразайұлы Өңірлік коммуникациялар орталығында автокөліктегі өрт қауіпсіздігі тақырыбындағы брифингке қатысты.
 Брифингте автокөліктегі өрттің негізгі себептері – электр сымдарының қысқаша тұйықталуы, газ жабдықтарын дұрыс орнатпау және техникалық ақаулар екені айтылды. Жүргізушілерге көлікті уақтылы тексеру, өрт сөндіргіш құралын алып жүру және қауіпсіздік талаптарын сақтау қажеттігі ескертілді.
 Төтенше жағдайлар департаменті автокөліктердің иелерін қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырды. Уақтылы жүргізілген профилактикалық шаралар адам өмірі мен мүлкін сақтап қалудың басты кепілі екенін ұмытпаңыз!
 
Қызылорда облысы ТЖД
Мемлекеттік өрт бақылау басқармасы
 

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/emer-kyzylorda/press/news/details/1159752?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді