
Бүгін облыс әкімі Нұрлыбек Нәлібаевтың төрағалығымен жоғары сапалы цифрлық қызметтерді ұсыну, инфрақұрылымды дамыту, бизнесті трансформациялау арқылы халықтың әл-ауқатын арттыру мәселесі талқыланған жиын өтті. Оған «Қазақтелеком» АҚ Басқарма төрағасы Бағдат Мусин, жетекші сала басшылары қатысты.
Жиында облыс әкімдігі мен «Қазақтелеком» акционерлік қоғамы арасында өзара ынтымақтастықтуралы меморандумға қол қойылды. Аймақ басшысы бірлесіп атқарылатын жұмыстарға тоқталып, алдағы жоспарларды бөлісті.
«Мемлекет басшымыз Қасым-Жомарт Кемелұлы Үкіметтің кеңейтілген отырысында «Жасанды интеллектіні дамыту, бұл – ұран емес, бұл экономикалық идеологияның негізгі тірегі, тіпті ұлттық идеологиямыздың мызғымас тұғыры болуға тиіс» деп атап өтті. Жасанды интеллект негізінде цифрландырудың басты міндеттерін орындауды тапсырды. Олар – еңбек өнімділігін арттыру, экономиканың экспортқа бағдарланған секторларын қалыптастыру, қосылған құны жоғары өнім шығару, Қазақстанды жаһандық цифрлық экономика қатарына енгізу.
Айта кетейік, ҚР Бас прокуратурасыныңбастамасымен қолға алынған «Цифрлық қадағалау» пилоттық жобасына өңірлерден бірінші болып Қызылорда облысы қатысуда. Жедел әрекет ету орталығының «109-Бірыңғай байланыс орталығы»,«112 – Бірыңғай кезекшілік-диспетчерлік қызметі» ақпараттық жүйелерімен интеграция жүргізілді. Қаңтар айында 10 пилотсыз ұшу аппаратын жалға алуға қаражат бөлінді.
Бүгінде облыстағы 223 елді мекеннің140-ы талшықты-оптикалық байланыс желісімен қамтылған, 5G технологиясының 148 нүктесі іске қосылған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kyzylorda-kazaly/press/news/details/1160668?lang=kk

Жауап қалдыру