Аудан аумағында тазалық жұмыстары жүргізілуде

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Аудан аумағында санитарлық тазалықты қамтамасыз ету мақсатында кешенді жұмыстар атқарылуда. Атап айтқанда, ірі магистральдық көшелерде, шағын аудандардың ішкі орам жолдарында, сондай-ақ көпқабатты тұрғын үйлердің аулаларында тазалық және абаттандыру шаралары жүзеге асырылуда.

Сонымен қатар, қолайсыз ауа райы салдарынан құлаған ағаштар мен сынған бұтақтарды кесу, санитарлық қырқу жұмыстары жүргізілуде.

Аталған жұмыстар тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және аумақтың санитарлық жағдайын жақсартуға бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-enbekshilder/press/news/details/1161895?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді