
#MaslikhatAlmaty төрағасы Мейіржан Отыншиев Алматыда «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» қалалық Жалпыұлттық коалициясына жетекшілік етеді.
Алғашқы отырыс барысында коалицияның толық құрамы бірауыздан Конституциялық комиссия мүшесі, Алматы қаласы Мәслихатының төрағасы Мейіржан Отыншиевті қалалық коалицияның басшысы етіп сайлады.
Жалпы, коалиция құрамына 200-ден астам саяси партия, қоғамдық ұйым, сарапшылық қауымдастық, азаматтық сектор өкілдері мен жастар енді. Алдағы кезеңде коалиция мүшелері Жаңа Конституция жобасының мазмұнын түсіндіру, қоғаммен ашық диалог алаңдарын ұйымдастыру, сондай-ақ республикалық референдумға азаматтардың белсенді әрі саналы қатысуын қамтамасыз ету бағытында жүйелі жұмыстар жүргізетін болады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/maslihat-almaty/press/news/details/1161899?lang=kk

Жауап қалдыру