ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында Жолтай Әлмашұлының жаңа кітаптары таныстырылды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ҚР Ұлттық академиялық кітапханасында жазушы, драматург Жолтай Әлмашұлының «Олигарх қазақ», «Көктүрік сарыны» және «Клятва любви» атты жаңа кітаптарының таныстырылымы өтті.

Кеш барысында қаламгер шығармашылығының идеясы мен әдеби кеңістіктегі орны сөз болды.

Іс-шараға зиялы қауым өкілдері, жазушылар, әдебиеттанушылар мен оқырмандар қатысты.

Кездесуде қаламгер туындылардың жазылу тарихы мен идеялық бағыты туралы айтып берді. Жазушыға ҚР Парламенті Сенатының Төрағасы Мәулен Әшімбаевтың құттықтау хаты табысталды.

Жиынға қатысушылар автор шығармашылығының ерекшеліктеріне тоқталып, туындыларға қатысты ой-пікірін білдірді.

 

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mam/press/news/details/1161901?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді