«Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінде BURABAY ICE–2026 халықаралық мұз үстіндегі жүгіру жарысы өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Бурабай курортында Қазақстанның түрлі өңірінен, сондай-ақ Канада, Жапония, Перу, Швейцария, Косово және басқа да елдерден келген 700-ден астам трейлраннинг әуесқойы BURABAY ICE–2026 халықаралық мұз үстіндегі жүгіру жарысына қатысты.

Жарыстың мақсаты — саламатты өмір салтын насихаттау және туристердің Ақмола облысына деген қызығушылығын арттыру.

Іс-шара Ақмола облысы Туризм басқармасының, «Бурабай» мемлекеттік ұлттық табиғи паркінің және өзге де серіктестердің қолдауымен «Экстремалды атлетика» қоғамдық бірлестігі ұйымдастырды.

Жарыс 7, 14 және 21 шақырым қашықтықтар бойынша өтті. Сонымен қатар 7 шақырым қашықтықта скандинавиялық жүріс бойынша сайыс ұйымдастырылды.

Жарыс қорытындысы бойынша 21 шақырым қашықтықта ерлер арасында Еркебай Әкім 1 сағат 42 минут нәтижемен жеңімпаз атанды. Әйелдер арасында Дана Айдосова 2 сағат 4 минут уақыт көрсетіп, үздік нәтиже көрсетті.

14 шақырым қашықтықта ерлер арасында Жомарт Құмақбаев 1 сағат 6 минут нәтижемен бірінші орынды иеленді. Әйелдер арасында Флорида Минянова 1 сағат 27 минут уақытпен жеңімпаз атанды.

7 шақырым қашықтықта ерлер арасында Денис Степаненко 32 минутта мәреге бірінші болып жетті. Әйелдер арасында Алена Маймескулова 42 минут нәтижемен жеңімпаз атанды.

Естеріңізге сала кетейік, BURABAY ICE–2026 халықаралық мұз үстіндегі жүгіру жарысы 2026 жылға арналған негізгі іс-шаралар күнтізбесіне енгізілген.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tourism/press/news/details/1161903?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді