
Мектеп асханасына бракераж комиссиясының тексерісі ай сайын жоспар бойынша өтеді
Бракераж комиссиясы тарапынан асхана жұмысына жоспарлы тексеріс жүргізілді. Тексеру барысында ұсынылатын ыстық тамақтың сапасы, тағамдардың дайындалу технологиясы, санитарлық талаптардың сақталуы және асхананың жалпы тазалығы қаралды.
Комиссия мүшелері тағам сапасына оң баға беріп, ас мәзірінің талапқа сай екендігін атап өтті. Сонымен қатар, асхананың тазалығы мен қызмет көрсету деңгейі жоғары екендігі көрсетілді.
Ұсынылған ыстық тамақтың құнарлылығы мен қауіпсіздігі бақылауда екені расталды. Комиссия тарапынан бірқатар ұсыныстар беріліп, олар алдағы уақытта ескеріліп, жұмыс сапасын одан әрі жақсартуға бағытталатын болады.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhetysu-sarkan-lepsi/press/news/details/1163995?lang=kk

Жауап қалдыру