
ШҚО ПД-да полиция мен МИБ өзара іс-қимылының жаңа кезеңі талқыланды
Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаментінде аулалар мен тұрғын үй массивтеріндегі қауіпсіздік мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті. Кездесу әкімшілік полиция басқармасында ШҚО ПД бастығының орынбасары Рифхат Тауфиковтың төрағалығымен ұйымдастырылды. Талқылауға Өскемен қаласы әкімінің орынбасары Азамат Апахаев, Аумақтық басқару орталығы бөлімдерінің директорлары, ПИК және МИБ төрағалары, сондай-ақ қалалық полиция басқармасының басшылығы қатысты.
Қатысушылар үш негізгі бағытты қарастырды: МИБ пен ПИК-тің учаскелік инспекторлармен өзара іс-қимылы арқылы тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, аулаішілік аумақтарда жол қозғалысын ұйымдастыру және «Құқық бұзушылықтың алдын алу туралы» жаңа Заңның нормаларын түсіндіру.
Бірлестік өкілдеріне Мемлекет басшысы қол қойған құжаттың ережелері толыққанды айтылды. Заң 2026 жылдың 2 наурызында күшіне енеді және алдын алу субъектілерінің аясын кеңейтеді: енді оған ресми түрде МИБ төрағалары да қосылды. Бұл олардың құқық бұзушылықтың алдын алудағы рөлі маңыздырақ және жүйелі болатынын білдіреді.
Полицияның сервистік моделін дамытуға және тұрғындармен серіктестікті нығайтуға ерекше көңіл бөлінді. Кездесуге қатысушылардың айтуынша, учаскелік инспекторлар халықпен тұрақты байланыста болып, өтініштерге жедел жауап береді және аулалар мен кіреберістерде туындайтын мәселелерді шешуге көмектесуде.
«Бүгінгі басты міндет — полиция мен үйлерді басқару органдары арасында тұрақты өзара іс-қимыл орнату. Тек үнемі ақпарат алмасу, проблемалық жағдайларды бірлесіп талдау және ашық диалог арқылы ғана аулалардағы тыныштықты қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға болады», — деп атап өтті Рифхат Шафихұлы.
Жиын соңында МИБ және ПИК өкілдері өздерін толғандырған сұрақтарын қойып, егжей-тегжейлі жауаптар алды. Көтерілген барлық тақырыптар қосымша пысықталатыны, ал бірқатар ұсыныстар бойынша жақын арада нақты шешімдер қабылдау жоспарланғаны атап өтілді.
ШҚО ПД баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-vko/press/news/details/1165273?lang=kk

Жауап қалдыру