Жетісу облысында «Сталкингке жол жоқ: қауіпсіздік — әркімнің құқығы» атты форум өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Жетісу облысында «Сталкингке жол жоқ: қауіпсіздік — әркімнің құқығы» тақырыбында ауқымды облыстық форум ұйымдастырылды. Іс-шараның бастамашылары — Жетісу облысы полиция департаменті Отбасылық-тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы күрес басқармасының қызметкерлері. Ашық пікір алмасу алаңы ретінде І. Жансүгіров атындағы Мәдениет сарайы таңдалды.

Форумның басты мақсаты — сталкинг пен некеге мәжбүрлеу үшін қылмыстық жауапкершілікті көздейтін заңнамалық жаңашылдықтар туралы халықты кеңінен ақпараттандыру. Жәбірленушілерді қорғау тетіктерін, көмекке жүгіну алгоритмін және профилактика мәселелеріндегі ведомствоаралық өзара іс-қимылды түсіндіруге ерекше назар аударылды.

Іс-шара барысында полиция қызметкерлері, Психологиялық қолдау орталығының, Талдықорған қаласы Әйелдерді қолдау орталығының, сондай-ақ Дін істері басқармасының өкілдері баяндама жасады. Спикерлер құқықтық жаңалықтар, қудалау белгілері мен әрекет ету шараларын жан-жақты түсіндіріп, қатысушылардың көптеген сұрақтарына жауап берді. Форумға 500-ге жуық адам — студенттер, педагогтер, мемлекеттік органдар мен жұртшылық өкілдері қатысты.

«Бүгін мәселені тек талқылау жеткіліксіз, қоғамда қудалау мен мәжбүрлеудің кез келген түріне нөлдік төзімділікті қалыптастыру маңызды. Қауіпсіздік — әрбір адамның негізгі құқығы, ал біздің міндетіміз — оның нақты қорғалуын қамтамасыз ету», — деп атап өтті форум ұйымдастырушылары.

Іс-шараны ұйымдастыруға Облыстық білім басқармасы, Қоғамдық даму басқармасы, Талдықорған қаласының әкімдігі және Мәдениет сарайының ұжымы атсалысты. Форум азаматтардың құқықтарын қорғауға және өңір тұрғындарының құқықтық сауаттылығын арттыруға бағытталған жүйелі профилактикалық жұмысты нығайтудың кезекті қадамы болды.

#заңментәртіп
#сталкинг
#жетісуоблысы
#полиция
#профилактика

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-zhetysu/press/news/details/1165271?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді