
Бүгін қалалық №8 және «Zhanuya» емханаларына қарасты мемлекеттік және жекеменшік білім беру ұйымдарының басшыларымен, сондай-ақ аталған мекемелердің медициналық қызметкерлерімен кездесулер өткізілді.
Жиын барысында білім беру ұйымдарында әрбір баланың денсаулығын сақтау мен қорғаудың маңыздылығы атап өтілді. Сонымен қатар, білім беру мекемелеріндегі балалардың жас ерекшеліктеріне сәйкес жүргізілетін профилактикалық екпе шараларына бақылауды күшейту қажеттігі ескертілді. Атап айтқанда, 6 жастағы балаларға — АКДС және қызылшаға қарсы, 11 жастағы балаларға — адам папилломасы вирусына (АПВ) қарсы, 16 жастағы жасөспірімдерге — АДС-М екпелерінің уақытылы және толық жүргізілуі қажеттігі назарға алынды. Бұл шаралар қазіргі эпидемиологиялық жағдайдың алдын алу мақсатында аса маңызды болып отыр.
Кездесуге жоғарыда аталған емханалар мен қалалық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармасының жауапты өкілдері арнайы қатысып, қатысушылар тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты жауап берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1165613?lang=kk

Жауап қалдыру