
20.03.2025
Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облыысы бойынша департаменті жанындағы мемлекеттік өызметтер көрсету мәселелері жөніндегі ведомстволық жұмыс тобының кезекті отырысы өтті.
Оған Адам қүқықтары жөніндегі Ұлттық Орталықтың Атырау облысы бойынша өкілеттігінің қызметкерлерімен бірге, Жылой аудан әкімі аппаратының басшысы А.Теміржанов, Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы Р.Жолдиев, Атырау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала қүрылысы бөлім басшысының орынбасары А.Төлегенов қатысты.
Отырысты ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігінің Атырау облысы боййынша департамент басшысы, Әдеп жөніндегі Кеңес төрағасы Нурлан Еркебаев жүргізді.
2024 жылы Департаментпен барлығы 31 тексеріс жүргізілген. Оның ішінде 14 жоспарлы және 17 жоспардан тыс жүргізілген.
Жұмыс тобы мүшелері негізінен қызмет көрсетуші органдармен 2024 жылы көрсетілген мемлекеттік қызметтер сапасына жоспарлы және жоспардан тыс тексеріс кезінде анықталған бұзышулықтар туралы Атырау облысы бойынша департаментінің мемлекеттік көрсетілетін қызметтер басқармасының басшысы Шолпан Қайненованың баяндамасына аса назар аударды.
Спикердің баяндауынша, Атырау облысы бойынша былтыр 7921912 мемлекеттік қызметтер көрсетілген. Оның ішінде жергілікті атқарушы органдармен 6872544, ал республикалық бюджетен қаржыландырылатын мемлекеттік органжармен 1049068 мемлекеттк өызмет көрсетілген.
Бұл кезекте 32744-ті қағаз жүзінде, 258269-ы ХҚКО арқылы, ал қалған 7630699 қызмет электронды түрде көрсетілген.
Мониторинг барысында барлығы 2137 заң бұзушылық фактілері анықталған. Тексеру қорытындысына жүгінсек, негізінен ең көп кездесетін, яғни мемлекеттік қызметтерді көрсету кезінде анықталған заң бұзушылық – ол қызмет алушылардан стандарттарда көзделмеген құжаттарды сұраты – 989 факті. Одан кейін орын алып отырған мемлекеттік өызметтердің регламенттерінде көзделген бизнес-процесстерді бұзу – 460, стандарттармен бекітілген жұмыс уақытын сақтамау, мемлекеттк қызметті көрсетуден бас тарту мерзісн кешіктіру мен қызмет көрсетуден негізсіз бас тарту сияқты заң бұзушылықтар анықталған.
Сонымен қатар күн тәртібімен Жылыой аудан әкімдігімен мемлекетттік көрсетілетін қызметтер саласы бойынша 2024 жылы атқарылған жұмыстарындағы проблемалық мәселелері, өткен жылы Атырау қалалық жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдармалар және Атырау қалалық жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімдерімен мемлекеттік көрсетілетін қызмет саласындағы атқарылған жұмыстарының есептері тыңдалды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ombudsman-atyrau-oblysy/press/news/details/965456?lang=kk

Жауап қалдыру