Жаңа өртке қарсы техника Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне табысталды

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2026 жылғы 18 ақпанда Көкшетау мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне «КамАЗ» негізіндегі 17 жаңа өрт сөндіру автокөлігі табысталды.

Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, 2023 жылдан бастап орман және табиғатты қорғау мекемелерінің материалдық-техникалық базасын жаңарту бағдарламасы жүзеге асырылуда.

Жаңа техникалар үш тоннаға дейін су тасымалдауға қабілетті, өзін-өзі сөндіру жүйесімен жабдықталған және қозғалыс барысында орман өрттерін сөндіру мүмкіндігіне ие. Бұл өртті жою кезінде мобильділік пен жұмыстың тиімділігін едәуір арттырады.

Бұған дейін ұлттық парктің материалдық-техникалық жарақтандырылуын күшейту шеңберінде:

* ЖАК–Т6 базасындағы, өртке қарсы құрал-жабдықтармен жабдықталған 28 бірлік кіші орман-патрульдік кешен (КОПК);

* МТЗ базасындағы 16 бірлік трактор алынған болатын.

Автопаркті жаңарту – мемлекет тарапынан көрсетілген маңызды қолдау. Заманауи техниканы енгізу орман өрттерінің алдын алу деңгейін арттырып, олардың бастапқы кезеңінде жедел әрекет етуге мүмкіндік береді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/forest/press/news/details/1166465?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді