Тараз тұрғындары наурыз айында қай күндері демалады?

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Көктемнің алғашқы айы дәстүрлі түрде мерекелік күндер мен қосымша демалыстарға толы.

8 наурыз — Халықаралық әйелдер күні биыл жексенбіге сәйкес келеді. Осыған байланысты қазақстандықтар 7–9 наурыз аралығында қатарынан үш күн демалады.

Ұлыстың ұлы күні – Наурыз мейрамы 21–23 наурыз аралығында аталып өтеді. Биыл 21 және 22 наурыз демалыс күндеріне сәйкес келгендіктен, қосымша демалыс күндері ауыстырылады.

Нәтижесінде тараздықтар 21–25 наурыз аралығында қатарынан бес күн демалады.

Наурыз айында жалпы 13 – демалыс, 18 – жұмыс күні бар.

Қосымша демалыс — отбасымен уақыт өткізуге, туған-туыстарды аралауға және көктемгі демалысты жоспарлауға тамаша мүмкіндік!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/zhambyl-taraz/press/news/details/1166571?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді