САРЫАҒАШ АУДАНЫ ТҰРҒЫНДАРЫНЫҢ НАЗАРЫНА!

Жарияланды:

Автор:

категорияда
«Әкімдердің халықпен кездесулерін өткізу туралы» Қазақстан Республикасы Президентінің 2022 жылғы 3 наурыздағы №826 Жарлығын іске асыру аясында Түркістан облысының әкімі Нұралхан Оралбайұлы Көшеровтің Сарыағаш ауданының тұрғындарымен кездесуі 2026 жылдың 27 ақпанында, сағат 15.00-де Аудандық мәдениет үйінде (Сарыағаш қаласы, Шораұлы көшесі, №44а), жеке қабылдауы сағат 16.00-де Аудан әкімі аппаратында (Сарыағаш қаласы, С.Исмаилов көшесі, №37а) өтетінін хабарлаймыз.
Облыс әкімінің жеке қабылдауына жазылу 8(72533) 5-98-99, 5-93-97, 5-98-80 байланыс телефондары және «Е-өтініш» ақпараттық жүйесі арқылы 2026 жылдың 25 ақпанына дейін сағат 9.00–19.00 аралығында (түскі үзіліс сағат 13.00 – 15.00) жүргізіледі.
Тиісті мекемелердің қатысуын қамтамасыз ету және кері байланыс орнату мақсатында өтініш берушінің аты-тегі, сұрақтың мәні, мекенжайы, байланыс телефоны және электронды пошта (бар болған жағдайда) нақты көрсетілуі қажет.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ontustik/press/news/details/1166616?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді