
Әйел – шаңырақтың шырайын келтірген аяулы ана
болса, қызметте – заң мен тәртіптің мызғымас тірегі
. Осындай қос жауапкершілікті қатар алып жүрген жандардың бірі – Абай облысы ПД Семей қаласы Полиция басқармасы Көші-қон қызметі бөлімінің аға инспекторы, полиция майоры Токруова Асем Мықтыбекқызы 
Полиция майорының бір күні таңғы салтанатты саптық жиыннан бастау алады
. Бұл – тек күн тәртібін пысықтау ғана емес, тәртіп пен бірліктің айқын көрінісі
. Жиын барысында бөлімнің алдағы міндеттері сараланып, көші-қон саласындағы өзекті мәселелер талқыланады
, заңнамадағы өзгерістер мен жаңашылдықтар назарға алынады
. Әр қызметкерге нақты тапсырмалар жүктеліп, жауапкершілік айқындалады
.
Жұмыс кабинетіне бет алған сәттен бастап аға инспектордың қарбалас күні басталады
. Азаматтарды қабылдау – оның қызметінің негізгі бағыттарының бірі
. Құжаттарды рәсімдеу, жеке басты куәландыратын құжаттарға қатысты кеңес беру, уақытша және тұрақты тіркеу мәселелерін заң талаптарына сәйкес шешу – кәсібилік пен мұқияттылықты талап ететін күрделі процесс 
. Әрбір азаматтың өтініші – жеке тағдыр, жеке сенім . Сондықтан әр құжат жіті тексеріліп, әрбір сұраққа нақты әрі түсінікті жауап беріледі
.
Көші-қон саласы – ұқыптылық пен жоғары жауапкершілікті қажет ететін маңызды бағыт
. Асем Мықтыбекқызы азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерінің сақталуын басты назарда ұстайды
. Қызмет барысында ол тек құжат рәсімдеуші маман ғана емес, сонымен қатар құқықтық кеңесші, түсіндіруші, кейде тіпті психологиялық қолдау көрсетуші рөлін де атқарады
. Әсіресе, шетел азаматтары немесе алғаш рет құжат рәсімдеп отырған тұрғындар үшін оның сабырлы да байыпты түсіндіруі үлкен көмек
.
Күн тәртібінде халық арасында түсіндіру жұмыстары да ерекше орын алады
. Аға инспектор мемлекеттік қызметтерді алу тәртібін, заң талаптарын, көші-қон ережелерін, сондай-ақ алаяқтық әрекеттерден сақтану жолдарын жан-жақты түсіндіреді
. Құқықтық сауаттылықты арттыру – қоғамдық қауіпсіздікті нығайтудың маңызды тетігі
. Осы бағыттағы әрбір кездесу мен түсіндіру жұмысы азаматтардың сенімін арттыруға ықпал етеді
.
Түстен кейінгі уақыт көбіне қызметтік құжаттармен жұмысқа арналады
. Есептерді дайындау, талдау жасау, статистикалық мәліметтерді жинақтау, тиісті органдармен хат алмасу – мұның бәрі тәртіп пен жүйелілікті талап етеді
. Әрбір ресми құжат заң талаптарына сай рәсімделіп, белгіленген мерзімде орындалуы тиіс
. Бұл – кәсіби біліктілік пен ұйымдастырушылық қабілеттің сыналатын тұсы.
Күн соңында атқарылған жұмыстар қорытындыланып, алдағы міндеттер нақтыланады
. Қызмет нәтижелері сараланып, келесі күннің жоспары белгіленеді
. Бұл – үздіксіз қозғалыс пен даму үстіндегі жауапты қызметтің ажырамас бөлігі
.
Осындай тәртіп сақшыларының қажырлы еңбегі – қоғамдағы тұрақтылық пен заңдылықтың кепілі
. Токруова Асем Мықтыбекқызы сынды өз ісіне адал мамандардың кәсібилігі мен табандылығының арқасында азаматтардың құқықтары қорғалып, қоғамдық қауіпсіздік қамтамасыз етіледі 
.
Кешкілік үйге оралған сәт – оның ең асыға күтетін уақыты
. Қызметтік формасын шешкенімен, жауапкершілікті шешпейді. Енді ол – сабақ тексеретін
, ертегі айтып беретін
, баласының армандарын тыңдайтын ана. Бір күн бойы заң талаптарын түсіндірген жан, кешке баласына өмірдің қарапайым ақиқаттарын үйретеді: адал болуды, еңбектенуді, үлкенді сыйлауды
.
Отбасындағы тәрбие мен қызметтегі ұстаным өзара үндес
. Балаларына әділдікті үйрете отырып, өзі де қызметте әділ болуға тырысады
. Үйіндегі жылылық оның жұмысындағы сабырлылыққа күш береді. Себебі мықты қызметкердің артында – берік отбасы тұрады 
.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-abay/press/news/details/1167532?lang=kk

Жауап қалдыру