Семей қаласындағы қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығында «Әділет кеңес береді» акциясы өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Абай облысының Әділет департаменті Семей қаласындағы қиын өмірлік жағдайға тап болған тұлғаларды қайта әлеуметтендіруге арналған орталығында «Әділет кеңес береді» акциясын өткізді. Іс-шараның мақсаты – азаматтарға тегін құқықтық көмек көрсету, олардың құқықтары мен міндеттерін түсіндіру, сондай-ақ әлеуметтік қорғау, құжаттарды қалпына келтіру және тұрғын үй алу мәселелері бойынша кеңес беру.

Акция барысында Департамент мамандары жеке басты куәландыратын құжаттарды қалпына келтіру, әлеуметтік төлемдерге құжаттарды рәсімдеу, еңбек құқықтарын қорғау және азаматтық-құқықтық дауларды шешу тәртібі бойынша жан-жақты түсіндірме берді. Құжаттардың болмауы медициналық көмек алу мен әлеуметтік қызметтерге қол жеткізуде елеулі қиындықтар туғызатыны атап өтілді. Осыған байланысты азаматтарға құжаттарды қалпына келтіру және тұрғылықты жері бойынша тіркеуді жеделдету бойынша ұсыныстар берілді.

Сонымен қатар, акцияға қатысушыларға кепілдендірілген мемлекеттік заң көмегі шеңберінде тегін заң көмегін алу мүмкіндігі туралы ақпарат берілді. Департамент мамандары тегін заң көмегін алу тәртібі, оған құқығы бар азаматтар санаттары және заң көмегінің түрлері, соның ішінде іс жүргізу құжаттарын жасау және сотта мүдделерді қорғау туралы айтып берді.

Мұндай іс-шаралар халықтың әлеуметтік осал топтарына құқықтық көмек көрсетуге, олардың құқықтарын қорғауға және өмірлік қиын жағдайлардан шығуға жәрдемдесуге бағытталған.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/965952?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді