ҚР Әділет органдарынан, азаматтық хал актілерінен және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою тақырыбында семинар өткізілді

Жарияланды:

Автор:

категорияда

2025 жылғы 27 наурызда Абай облысы Әділет департаментінің коммерциялық емес ұйымдарды тіркеу және тіркеу саласындағы бақылау бөлімінің басшысы Гульжан Сабалакова, бөлімінің бас мамандары Сауле Галиева және Данна Муратова, Абай облысы нотариаттық округінің төрағасы Кабира Халелова және Абай облысының нотариаттық округінің жеке нотариустары, «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының тіркеу және жер кадастры бойынша Семей қаласының бөлім басшының орынбасары Асет Еркебаев, «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының азаматтық хал актілерін тіркеу басқармасының басшысы Диляра Чайжунусова, «Азаматтарға арналған үкімет» «Мемлекеттік корпорация» КЕАҚ Абай облысы бойынша филиалының Семей қаласының АХАТ бөлімінің басшысы Райгуль Конганбаеваның қатысуымен «Қазақстан Республикасының әділет органдарынан, азаматтық хал актілерінен және өзге мемлекеттік органдарынан, сондай-ақ нотариустардан шығатын ресми құжаттарға апостиль қою», «жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу», «азаматтық хал актілерін тіркеу саласындағы сұрақтары бойынша» тақырыбында семинар өткізілді.
Семинар барысында апостиль қоюға арналған нотариаттық құжаттарды рәсімдеу тәртібі, азаматтық хал актілерін тіркеу және жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу саласындағы сұрақтары талқыланды.
Семинардың мақсаты: қолданыстағы заңнама нормаларын сақтау, мемлекеттік қызмет көрсету сапасын арттыру.
Семинар қорытындысы бойынша түсіндірме сипаттағы бірлескен іс-шараларды тұрақты негізінде өткізу туралы шешім қабылданды.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/adilet-abai/press/news/details/965953?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді