
Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасының «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік ақпараттандыру және білім беруді дамыту ғылыми-әдістемелік орталығының ұйымдастыруымен Өскемен қаласы бойынша білім бөлімінің «№ 1 балалар музыка мектебі» КМҚК базасында 2025 жылғы 28 наурызда «Музыка мектебінің үздік педагогі-2025» облыстық байқауы өткізілді.
Байқаудың мақсаты: педагогтің мәртебесін арттыру және шығармашыл педагогтерді ынталандыру, кәсіби қызметте биік жетістіктерге жеткен, музыка мектептеріндегі инновациялық педагогикалық тәжірибені анықтау және тарату.
Байқауға жұмыс өтілі 3 жылдан кем емес музыка мектептерінің (басқа да қосымша білім беру ұйымдарының музыка бағыты бойынша) фортепиано, ішекті (ысқышты) аспаптар, қазақ халық аспаптары, орыс халық аспаптары, музыка теориясы (сольфеджио), хореография бағыттары бойынша педагогтері қатысты.
Байқау 2 кезеңде өткізілді: 1 кезең – аудандық (қалалық), 2 кезең – облыстық. Облыстық кезең 2 бөлімнен: «Менің сабағым» сабақтан үзінді және «Шеберлік сыныбы» әр қатысушының өзі таңдаған тақырыптағы шеберлік сыныбы.
Байқау комиссиясының қорытындысы бойынша жеңімпаздар анықталып, дипломдармен және грамоталармен марапаттады.
«Музыка мектебінің үздік педагогі-2025» облыстық байқауының қосымша білім беру жүйесіндегі шығармашылықпен жұмыс істейтін педагогтердің инновациялық педагогикалық тәжірибе алмасуда оқушыларға тәрбие беруде, озық ойлайтын, шығармашыл, белсенді және талантты балаларды анықтауда алар орны ерекше.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз. Шығармашылық табыс тілейміз!

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/965954?lang=kk

Жауап қалдыру