Қызылшаға қарсы профилактикалық-эпидемияға қарсы іс-шараларды жүргізу мәселелері бойынша ұйымдастыру-әдістемелік және практикалық көмек туралы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

        ҚР ДСМ “Ұлттық Қоғамдық денсаулық сақтау орталығы” ШЖҚ РМК “Санитариялық-эпидемиологиялық сараптама және мониторинг ғылыми-практикалық орталығы” филиалының директоры А. Қуатбаева және орталықтың жұқпалы аурулардың алдын алу басқармасының бас маман-эпидемиолог дәрігері Ж. Нүсіпова, ҚР ДСМ Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің 2025 жылғы 26 наурыздағы шығыс №24-23-1-2/691 хаты негізінде ағымдағы жылдың 27-29 наурыз аралығында Жамбыл облысында қызылша бойынша профилактикалық-эпидемияға қарсы іс-шараларды өткізу мәселелері бойынша ұйымдастырушылық-әдістемелік және практикалық көмек көрсетті.

         Иммунопрофилактика бойынша талдау деректері мен шешуді қажет ететін мәселелер талқыланды, иммунопрофилактиканың өзекті мәселелерін шешу, МСАК және білім беру мекемелерінің егу кабинеттерін толық жарақтандыру, егу жұмыстарын ұйымдастыру және жүргізу бойынша ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/departament-kkbtu-zhambyl/press/news/details/966379?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді