Бүгін, Астана қаласында Қазақстан Республикасы Премьер-министрінің орынбасары – Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаеваның төрағалығымен Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысы өтті.
Іс-шараға Қазақстан Республикасының Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев, Парламент депутаттары, орталық және жергілікті мемлекеттік органдардың өкілдері, министрлікке қарасты ұйымдардың басшылары, сондай-ақ әлеуметтік серіктестер қатысты.
Кеңейтілген отырыс барысында ведомствоның өткен кезеңдегі қызметінің қорытындылары шығарылып, халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту, еңбек қатынастарын реттеу және әлеуметтік қолдау шараларын жетілдіру бағытындағы өзекті мәселелер талқыланды.
Отырыста ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Асқарбек Ертаев баяндама жасап, ведомство жұмысының нәтижелерін қорытындылап, алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттерді белгіледі.
Сонымен қатар алдағы кезеңге арналған негізгі міндеттер айқындалып, саланы одан әрі дамытуға қатысты бірқатар нақты тапсырмалар берілді.
Жауап қалдыру