Көркем еңбек пәні мұғалімдерінің облыстық қауымдастығының отырысы

Жарияланды:

Автор:

категорияда

ШҚО ББ «Örken» Шығыс Қазақстан өңірлік білім беруді ақпараттандыру және дамыту ғылыми-әдістемелік орталығы 2026 жылдың 25 ақпанында көркем еңбек пәні мұғалімдерінің кәсіби дамуын қолдау, олардың шығармашылық әлеуетін арттыру және көркем еңбек пәні бойынша білім сапасын көтеру мақсатында көркем еңбек пәні мұғалімдерінің облыстық (онлайн) қауымдастық отырысын өткізді.

Отырысқа аудандық, қалалық қауымдастықтың төрағалары және көркем еңбек пәні мұғалімдері қатысты. Отырыс барысында қауымдастықтың жыл көлемінде атқарылатын жұмыс барысы жайлы кіріспе сөз айтылып, тақырып аясында спикерлер баяндама жасап, іс-тәжірибелерімен бөлісті:

  • ШҚО ББ Катонқарағай ауданы бойынша білім бөлімінің «Қайыңды негізгі орта мектебі» КММ мұғалімі Абдрахманова Лаура Асхатовна «Тоқу өнері. Ілмекпен тоқу. Тоқу тәсілдері мен техникалары»;
  • ШҚО ББ Алтай ауданы бойынша білім бөлімінің «Алтай қаласының №7 орта мектебі» КММ мұғалімі Дарибаев Бауыржан Амирович «Художественное выжигание изделия» с использованием искусственного интеллекта»;
  • ШҚО ББ «Дарынды балаларға арналған облыстық мамандандырылған мектеп-лицей-интернаты» КММ мұғалімі Ыкышев Толеубек Кенесович «Өрім өру» тәсілдері»;
  • ШҚО ББ Өскемен қаласы бойынша білім бөлімнің «№ 26 орта мектебі» КММ мұғалімі Амисолтанова Жанар Еркимбековна «Метод вырезания и нанесения орнамента;
  • ШҚО ББ «Облыстық математика, физика, информатика саласындағы дарынды балаларға арналған мамандандырылған мектеп-лицей» КММ көркем еңбек пәні мұғалімі Ахметова Эльмира Халеловна «Көркем кестелеу өнері»;
  • ШҚО ББ Ұлан ауданы бойынша білім бөлімінің «М. Ломоносов атындағы орта мектебі» КММ мұғалімі Калиева Гаухар Картаевна «Ілмек бізбен тоқу және кілем тоқу өнерін заманауи стильде жаңғырту арқылы шығармашылық тұлғаны қалыптастыру».

Спикерлер тақырыпқа сай, мазмұнды іс-тәжірибелер көрсетті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-bilim/press/news/details/1169291?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді