
Маңғыстау ауданы полиция бөлімі хабарлағандай, Қазақстан Республикасының Президенті «ҚР заңнамалық актілеріне ҚР қылмыстық заңнамасын оңтайландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заңға қол қойды.
Заңға сәйкес:
-
Қылмыстық кодекс жаңа бап – 125-1 «Некеге мәжбүрлеу» бабымен толықтырылды;
-
Бұрын жобада қыз алып қашу ұғымы қарастырылған болса, кейін оның орнына «Некеге мәжбүрлеу» ұғымы қолданылды;
-
Жәбірленуші әйел адам да, ер адам да болуы мүмкін;
-
Сондай-ақ сталкинг үшін қылмыстық жауапкершілік енгізілді.
Бұл өзгерістер азаматтардың құқықтарын қорғауды күшейту, жеке өмірге қол сұғуды, сондай-ақ некеге мәжбүрлеу және сталкинг сияқты құқық бұзушылықтарды алдын алу мақсатында қабылданды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-mangystau/press/news/details/1169488?lang=kk

Жауап қалдыру