
КЕЗЕКТІ 30 ОТБАСЫ ЖАҢА ПӘТЕРЛЕРГЕ ҚОЛ ЖЕТКІЗДІ
🔷 Шымкент қаласында кезекте тұрған азаматтарды қолжетімді баспанамен қамтамасыз ету бағдарламасы жүзеге асырылуда. Бүгін жаңа пәтерлердің кілттері баспаналы болу мүмкіндігін ұзақ уақыт күткен отыз отбасыға табысталды.
🔷 Салтанатты іс-шара «Көрме» орталығында қала әкімі Ғабит Сыздықбековтің қатысуымен өтті. Мегаполис басшысы тұрғындарды қоныс тойымен құттықтап, үймен қамту саласындағы жүйелі жұмыс қала тұрғындарының өмір сапасын кезең-кезеңімен жақсартуға мүмкіндік беріп отырғанын атап өтті.
🔷 Айта кетейік, пәтерлер ардагерлерге, Ұлы Отан соғысы ардагерлеріне теңестірілген тұлғаларға, ерекше балалары бар отбасыларға, мүгедектігі бар азаматтарға, толық емес отбасыларға, сондай-ақ, жетім балалар мен ата-анасының қамқорлығынсыз қалған азаматтарға берілді.
🔷 Асар-2 және Тұран шағынаудандарында орналасқан көп қабатты үйлер қажет инженерлік коммуникациялармен қамтамасыз етілген және қоныстануға толық дайын.
Шымкент қаласы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent-turgyn-ui/press/news/details/1170570?lang=kk

Жауап қалдыру