
Шымкент қаласында Жаңа Конституция жобасын түсіндіру бағытындағы ақпараттық-түсіндіру жұмыстары жалғасуда. Осы ретте «Әділетті және Прогрессивті Қазақстанның Халықтық Конституциясы үшін!» Жалпыұлттық қалалық коалиция мүшелері №1 қалалық аурухана ұжымымен кездесті.
Кездесуге қалалық мәслихат депутаты Шыңғыс Қозбахов, Шымкент қаласы кәсіподақтар орталығының төрағасы Бауыржан Алтеев және «AMANAT» партиясы Тұран аудандық филиалының атқарушы хатшысы Есімхан Бертаев қатысты.
Жиын барысында жұмысшы топ мүшелері ұсынылып отырған конституциялық өзгерістердің негізгі бағыттарына тоқталды. Атап айтқанда, қоғамдағы әділеттілік қағидаттарын нығайту, азаматтардың құқықтары мен бостандықтарын қорғауды күшейту, мемлекеттік басқару жүйесін жетілдіру мәселелері кеңінен түсіндірілді. Сонымен қатар, халықтың шешім қабылдау процесіне қатысу мүмкіндігін кеңейту және әлеуметтік салалардың дамуына қолайлы жағдай жасау бағытындағы бастамалар сөз болды.
Кездесу ашық диалог форматында өтті. Медицина қызметкерлері өз ой-пікірлерін білдіріп, көкейлеріндегі сұрақтарын қойды. Ұйымдастырушылар референдум – ел дамуының стратегиялық бағытын айқындайтын маңызды қадам екенін атап өтіп, азаматтарды 15 наурызда өтетін республикалық референдумға белсенді қатысуға шақырды.
Мұндай кездесулердің басты мақсаты – тұрғындардың құқықтық сауаттылығын арттыру, ұсынылып отырған өзгерістердің мәнін кеңінен түсіндіру және жалпыхалықтық шешімдерге саналы түрде қатысу мәдениетін қалыптастыру. Ақпараттық жұмыстар алдағы уақытта да түрлі еңбек ұжымдарында жалғасады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/shymkent/press/news/details/1172943?lang=kk

Жауап қалдыру