Департаментпен бекітілген «Түркістан облысы аумағында қызметкерлердің жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарттарының жасалуына “Мемлекеттік аннуитеттік компания” өмірді сақтандыру компаниясы” АҚ-ның өкілдерімен бірге түсіндірме жұмыстарын жүргізу» кестесіне сәйкес өңірдегі кәсіпорын иелерінің қатысуымен өткен кезекті кездесу Арыс қаласында жалғасын тапты.
Кездесуге Департаменттің «Еңбек қауіпсіздігін бақылау және еңбекті қорғау бөлімінің» басшысы Сапарқұлов Ғалымжан, бас маманы-мемлекеттік еңбек инспекторы Биділдә Ербол, Арыс қаласы әкімінің орынбасары Сұлтанов Алмаз Советұлы, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Абдуллаев Руслан Мұратұлы және Арыс қаласында орналасқан жазатайым жағдайлардан сақтандыру шарттарын жасамаған кәсіпорын иелері, жеке меншік мектеп және балабақша өкілдері қатысты.
Кездесудің кіріспе сөзін алған Арыс қаласы әкімінің орынбасары Алмаз Советұлы жиынға қатысушыларды Департамент өкілдерімен таныстыра отырып, сөз кезегі Еңбек кодексіне 2026 жылы енгізілетін негізгі өзгерістер туралы Ғалымжан Сейдуәліұлының баяндамасымен жалғасты.
Одан әрі, “Мемлекеттік аннуитеттік компания” ӨСК” АҚ-ның Шымкент қаласы және Түркістан облысындағы филиалдарының жауапты өкілі Руслан Мұратұлы және қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандыру туралы Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Ербол Серікбайұлы баяндама жасады.
Сонымен қатар, жиынға қатысушы кәсіпорын иелері тарапынан қойылған сұрақтарға жан-жақты заңға сәйкес жауаптар беріліп, ұсыныстар тыңдалды.
Кездесу соңында жоғарыда көтерілген мәселелер бойынша өңірдегі ұйымдарда еңбек қатынасында тұрған қызметкерлерді еңбек міндеттерін орындау барысында туындауы мүмкін жазатайым оқиғалардан сақтандыру бойынша заңда көзделген талаптарының орындалуы қатаң назарға алып, ол бойынша Арыс қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімі мен Кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімінің басшыларына қатаң бақылауға алуға тапсырма берілді.
Жауап қалдыру