2026 жылғы 3 наурызда Серебрянск қаласында Алтай ауданының кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының көшпелі отырысы өтті.

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Отырысты Алтай ауданы әкімінің орынбасары Аскарова Ж.А. төрағалық етті. Жиынға прокуратура, әкімдік, полиция, білім бөлімі өкілдері және мектеп басшылары қатысты.
Отырыста ата-аналардың (заңды өкілдердің) балаларды тәрбиелеу және асырау жөніндегі міндеттерін тиісінше орындамауы, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуі және міндетті білім алу мәселелері қаралды. Кәмелетке толмағандардың құқықтарын қорғау мемлекеттік саясаттың басым бағыты екені атап өтіліп, ведомствоаралық өзара іс-қимылды және профилактикалық жұмысты күшейту қажеттігі айтылды. Қорытындысы бойынша жауапты органдарға нақты тапсырмалар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/vko-altai/press/news/details/1174508?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді