Департаментпен бекітілген тексеруді тағайындау актісіне сәйкес үстіміздегі жылдың 4 наурыз күні Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Смадияр Алдияр Шаниярұлы Түлкібас ауданындағы іс сапары барысында Түркістан облысы денсаулық сақтау басқармасына қарасты “Ақ-бұлақ” облыстық балалар оңалту орталығы” ШЖҚ МКК-на жоспардан тыс тексеру жүргізді.
Жүргізілген тексерудің қорытындысы бойынша еңбек қатынастарындағы орын алған мәселелердің алдын-алу мақсатында Департаменттің мемлекеттік еңбек инспекторы Алдияр Шаниярұлы мекеме қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырып, ҚР Еңбек кодексінің заңдылықтарына қатысты іс-шаралардың орындалуы бойынша еңбек заңнамалық талаптарына сәйкес және жазатайым оқиғалардан сақтандыру шарттарының маңыздылығы бойынша түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Жауап қалдыру