
Айыртау ауданына жұмыс сапары барысында (31.03.2025 ж.) Департамент басшысы Гүлнар Темірболатқызы Таласбаева аудан әкімі Мейрам Жақсылықұлы Меңдібаевпен кездесті.
Сондай-ақ, СҚО БССҚД басшысы мектеп директорларымен білім бөлімі кеңесіне қатысты, «Колосок» бөбекжай-бақшасының құзыреттілік орталығына, демалыс уақытында балаларды қамту бойынша қосымша білім беру орталығына, Рудный орта мектебіне (жаңғырту бойынша) барды.
Мектеп директорларымен, білім бөлімінің әдіскерлерімен кездесу барысында Гүлнара Темірболатқызы Департамент өткізетін бақылау іс-шараларының қорытындыларын ұсынды, НҚА негізгі өзгерістер бойынша түсіндіру жұмыстарын жүргізді, ҚР Оқу-ағарту министрлігі іске асыратын жаңа жобалармен таныстырды.
Сондай-ақ, білім беру ұйымдарының басшыларына 2025 жылы мемлекеттік аттестаттауға дайындық, PISA-2025, МОДО өткізу бойынша ұсыныстар берілді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/control-sko/press/news/details/967812?lang=kk

Жауап қалдыру