
Қазақстан Республикасы Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің Мемлекеттік еңбек инспекциясы комитетінің Ұлытау облысы бойынша департаментінде 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күніне орай мерекелік іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында департамент басшылығы әйел қызметкерлерді көктемнің шуақты мерекесімен құттықтап, олардың кәсіби біліктілігі мен жауапкершілігіне, еңбек саласындағы мемлекеттік бақылауды жүзеге асырудағы және азаматтардың еңбек құқықтарын қорғаудағы үлесіне жоғары баға берді.
Мерекелік шара барысында әйел қызметкерлерге гүл шоқтары табысталып, ізгі тілектер айтылды. Департамент басшылығы әйелдерге зор денсаулық, отбасылық амандық, бақ-береке, көктемгі көтеріңкі көңіл-күй және қызметтеріне табыс тіледі.
Аталған іс-шара ұжымдағы әйелдерге деген құрмет пен ілтипаттың белгісі болды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/ulytau-enbek/press/news/details/1176634?lang=kk

Жауап қалдыру