Ақмола облысында 8 наурызға арналған салтанатты іс-шара өтті

Жарияланды:

Автор:

категорияда

Халықаралық әйелдер күні қарсаңында «Көкшетау» мәдениет сарайында салтанатты іс-шара өтті. Мерекелік кездесу білім беру, денсаулық сақтау, мәдениет, бизнес, мемлекеттік қызмет және қоғамдық ұйымдар салаларының өкілдерін біріктірді.

Марат Ахметжанов әйелдерді келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтап, олардың өңір мен жалпы қоғамның дамуына қосып отырған маңызды үлесін атап өтті.

«Қазақстан әйелдері елдің қалыптасуы мен нығаюында зор рөл атқарды. Бүгінде әйелдер өндіріс пен ауыл шаруашылығы салаларында, денсаулық сақтау жүйесінде, сот және құқық қорғау органдарында, мәдениет пен спортта еңбек етуде. Сонымен қатар сіздер шаңырақтың жылуын сақтап, бала тәрбиелеп, ер-азаматтарға қолдау көрсетіп, олардың рухын нығайтасыздар», – деп атап өтті өңір басшысы.

Жоғары кәсібилігі, адал еңбегі және облыстың дамуына қосқан елеулі үлесі үшін бірқатар әйелдер «Құрмет» орденімен, «Ерен еңбегі үшін» медалімен және облыс әкімінің алғыс хаттарымен марапатталды. Сондай-ақ 9 көпбалалы ана «Алтын алқа» және «Күміс алқа» алқаларымен наградталды.

«Барлық әйелдерді мерекемен құттықтаймын, шын жүректен зор денсаулық пен отбасылық амандық тілеймін. Еліміздің өркендеуі үшін бар күш-жігерімізді саламыз», – деді «Құрмет» орденінің иегері Сая Досанова.

Айта кетейік, осы күні Ақордада өткен салтанатты жиында Ақмола облыстық жедел медициналық жәрдем станциясының пациенттерді қолдау қызметінің жетекшісі Қарлығаш Исмағамбетова «Ерен еңбегі үшін» медалімен марапатталды.

Іс-шараның мерекелік атмосферасын өңір мен елорда шығармашылық ұжымдарының қатысуымен өткен концерттік бағдарлама толықтырды. Қазақ тілінде композициялар орындаған португалиялық әнші Лара Алейшо да сахнаға шықты.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aqmola/press/news/details/1176840?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді