
Салтанатты шара Верона қаласындағы Olympic Arena стадионында ұйымдастырылады.
Қазақстан құрамасының ту ұстаушысы – әлем чемпионаттары мен Әлем кубогы кезеңдерінің жүлдегері, чемпион Ербол Хамитов болады.
Биылғы байрақты бәсекеде Қазақстан атынан 7 спортшы сынға түседі.
Айта кетейік, 2026 жылғы Қысқы Паралимпиада ойындары 6–16 наурыз аралығында Италияда өтеді. Байрақты додаға әлемнің 600-ден астам спортшысы қатысып, 79 медаль жиынтығы сарапқа салынады.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/tsm/press/news/details/1176838?lang=kk

Жауап қалдыру