
Танысу сапары барысында Қазақстан Республикасының Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулы Дмитрий Михно мен Коми Республикасының Басшысы Ростислав Гольдштейн жүйелі ынтымақтастықты орнату және өңіраралық байланыстарды нығайту мәселелерін талқылады.
Бұл сапар Коми Республикасының Қазақстанның Санкт-Петербург қаласындағы Бас консулдығының консулдық округі құрамына ресми түрде енуінен кейінгі маңызды оқиға болды. Өңірдің жаңа мәртебесі республика билігі мен дипломатиялық корпус арасындағы диалогты неғұрлым жедел әрі нақты құруға мүмкіндік береді.
Сұхбат өнеркәсіптік кооперация, сауда, білім беру, мәдениет және жастар саясаты сияқты стратегиялық бағыттардағы өзара іс-қимылды кеңейтуге бағытталған.
Қазіргі уақытта Коми Республикасынан Қазақстанға шығарылатын экспорттың негізін ағаш өңдеу өнеркәсібінің өнімдері, қағаз, картон және тоқыма бұйымдары құрайды. Өз кезегінде, тараптар бірлескен инвестициялық жобаларды талқылауға және бірлескен кәсіпорындар құруға дайын екендіктерін білдірді.
Гуманитарлық бағытқа ерекше назар аударылды. Жоғары білім беру саласындағы өзара іс-қимыл дамып келеді: Қазақстаннан келген студенттер Ухта мемлекеттік техникалық университетінде білім алуда, Қазақстан мен Коми жоғары оқу орындары арасында тікелей келісімдер жұмыс істейді.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mfa-s-petersburg/press/news/details/1176852?lang=kk

Жауап қалдыру