
«ДАРЫНДЫ БАЛАҒА – ТАЛАНТТЫ ҰСТАЗ» ЖАС ПЕДАГОГТЕРГЕ АРНАЛҒАН РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНДАҒЫ ЖЕҢІС
«Дарынды балаға – талантты ұстаз» жас педагогтерге арналған байқаудан К.Мендалиев атындағы ЖОББМ география пәні мұғалімі, жас маман КӘРІМ НҰРДАНА ӘДІЛҚЫЗЫ (педагог-модератор, еңбек өтілі – 4 жыл) ІII ОРЫН иегері атанды.
Байқаудың негізгі мақсаты – жас педагогтердің шығармашылық әлеуетін ашу, өзін-өзі дамытуына жағдай жасау және білім беру жүйесін жетілдіруге бағытталған кәсіби көзқарасын қалыптастыру.
Педагог осыған шейін түрлі жетістіктерге жетіп,оқушылары да түрлі байқауларда бақ сынап жүр.
«Экология және біз» номинациясы – Насипкалиева Дильнара,
II орын (2022 ж.)
«Құстар үйі» номинациясы – Батырбек Анель,
I орын (2022 ж.)
«Музей – экскурсиялық аймақ» номинациясы – Хамзин Мақсат,
III орын (2022 ж.)
Самигуллина Ақбота,
III орын (2023 ж.)
«Махамбет – өшпес рух, ұлы тұлға» – Елеусинова Наргиза,
III орын (2023 ж.)
«Үздік бивуак» байқауы – Елтай Мейірбек,
III орын (2023 ж.)
«Туристік маршруттар» номинациясы – Елтай Мейірбек,
I орын (2024 ж.)
Жас педагогтің еңбекқорлығының нәтижесінде өзі де,оқушылары да толағай табыстарға жетіп отыр.
Нұрдана Әділқызын жеңісімен құттықтай отырып,жұмысына шығармашылық табыстар тілейміз!
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/bilim-kaztalov/press/news/details/1179849?lang=kk

Жауап қалдыру