
14 наурыз – Амал мерекесі
«Амал келді – жыл келді» дәстүріне сәйкес ауыл үлкендерін жеке-жеке құттықтап, көрісу іс-шарасы ұйымдастырылады. Жастар мен ауыл тұрғындары ауыл ақсақалдары мен әжелерінің үйлеріне барып, амандық сұрап, баталарын алады. Үлкендерге құрмет көрсетіліп, ақ тілектер айтылады.
15 наурыз – Қайырымдылық күні
«Қайырымдылық – жылы жүректен» акциясы. Мекеме қызметкерлері ерекше бала тәрбиелеп отырған және көпбалалы аналарға азық-түлікпен көмек береді.
16 наурыз – Мәдениет және ұлттық салт-дәстүр күні
Бір салт-дәстүрді театрландырылған көрініс арқылы көрсету (салт түрі кейін нақтыланады).
17 наурыз – Шаңырақ күні
25 және 50 жыл отасқан үлгілі отбасылармен сұхбат өткізіледі. Отбасылар өз өмір жолын, отбасы құндылықтары мен бір-біріне деген құрметін бөліседі.
18 наурыз – Ұлттық киім күні
Әлеуметтік желіде ұлттық киім киіп, ұлттық нақыштағы аксессуарлар тағып, арнайы жазба, видео немесе рилс жариялау.
19 наурыз – Жаңару күні
«Гүлге өмір сыйла» – гүл отырғызу акциясы
Іс-шара барысында ауыл аумағына немесе мекеме ауласына гүлдер отырғызылады. Қатысушылар табиғатты қорғау, аумақты көгалдандыру және абаттандыру жұмыстарын жүргізеді.
20 наурыз – Ұлттық спорт күні
Ұлттық спорт түрлерінен дәстүрлі жарыстар: қазақ күресі, асық ату, арқан тартыс, садақ ату, ләңгі тебу, қол күресі (армрестлинг).
21 наурыз – Ынтымақ күні
Татулық пен бірлікті насихаттайтын бейнероликтер түсіру.
22 наурыз – Наурыз мейрамы және Тазару күні
-
«Әз Наурыз келді ауылға» мерекелік іс-шара: концерт, ұлттық ойындар, дәстүрлі көже.
-
Ауылдың үш көшесі жарысқа түседі:
-
Мереке ауылы – В. Фоменко және Желтоқсан көшелері
-
Батырлар ауылы – Ә. Молдағұлова және Қарақыпшақ Қобыланды көшелері
-
Есет батыр ауылы – Тама Есет Көкіұлы, Бәйтерек және Достық көшелері
-
23 наурыз – Тазару күні
-
«Таза Қазақстан» жобасы аясында экологиялық акция өткізіледі. Ауыл тұрғындары мен мекеме қызметкерлері бірігіп, ауыл аумағын тазалау, қоқыс жинау және қоршаған ортаны ретке келтіру жұмыстарын жүргізеді. 🌱💚
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-akai/press/news/details/1179757?lang=kk

Жауап қалдыру