
Жүргізілген кезекті тексеріс барысында қолданыстағы талаптарға сәйкес келмейтін және рұқсатсыз орнатылған 4 күш өлшегіш (силомер) құрылғы анықталды. Аталған құрылғылар тиісті рұқсат құжаттарынсыз орналастырылғандықтан, заңсыз нысандар ретінде тәркіленіп, айыппұл тұрағына жеткізілді.
Мұндай заңсыз әрекеттердің алдын алу және қала аумағында заң талаптарының сақталуын қамтамасыз ету бағытындағы бақылау жұмыстары алдағы уақытта да тұрақты түрде жүргізілетін болады.
Ақтау қалалық кәсіпкерлік және ауыл шаруашылығы бөлімі қала тұрғындары мен кәсіпкерлерді қолданыстағы заңнама талаптарын қатаң сақтауға шақырады. Кәсіпкерлік қызметті тек белгіленген тәртіппен, тиісті рұқсат құжаттары негізінде жүзеге асыру қажеттігі ескертіледі.
Сонымен қатар, рұқсатсыз сауда жүргізу немесе заңсыз құрылғылар орнату фактілері анықталған жағдайда, қолданыстағы заңнамаға сәйкес әкімшілік жауапкершілік қарастырылатыны еске салынады.
Ақтау қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/akimat-goroda-aktau/press/news/details/1179745?lang=kk

Жауап қалдыру