
14 наурыз — Көрісу күні мерекесіне орай Қарақұдық ауылдық мәдениет үйінде «Наурыз келді шуағымен нұрландырып» атты салтанатты мәдени іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында ауыл өнерпаздары ән шырқап, жиналған қауымға көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Мерекелік дастархан жайылып, қонақтарға ұлттық тағамдар ұсынылды. Сонымен қатар қазақтың ұлттық ойындары ойнатылып, жеңімпаздар мен белсенді қатысушыларға шағын естелік сыйлықтар табыс етілді.
Аталған шара халқымыздың салт-дәстүрлері мен рухани құндылықтарын кеңінен насихаттап, ауыл тұрғындары арасындағы бірлік пен татулықты нығайтуға ықпал етті.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/aktobe-alga-karakudyk/press/news/details/1181138?lang=kk

Жауап қалдыру