
«PARYZ» Қазақстан Республикасы Ұлттық Жұмыс берушілер конфедерациясының алаңында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнамалық нормаларды және өндірістік бақылау қызметін құрудың практикалық аспектілерін түсіндіруге арналған ТЖМ Өнеркәсіптік қауіпсіздік комитеті мен «Қазцинк» ЖШС-нің өкілдерімен жұмыс кеңесі өткізілді.
Негізгі назар «Азаматтық қорғау туралы» Заңының талаптарына сәйкес өндірістік бақылау қызметін ұйымдастыру мен жұмыс істеуінің, Кәсіпкерлік кодексінен шығудың және өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы бақылау мен қадағалаудың жаңа тәртібін жүзеге асырудың өзекті мәселелеріне бағытталды.
Конструктивті диалог барысында өнеркәсіптік қауіпсіздік саласындағы заңнаманың нормалары егжей-тегжейлі түсіндірілді, өндірістік бақылау қызметінің құрылымын, өндірістік бақылау қызметінің лауазымды тұлғаларыдың біліктілігі және оларға қойылатын басқа да талаптарды қоса алғанда, өндірістік бақылау қызметінің қызметі мәселелері талқыланды.
Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/kpb/press/news/details/1180155?lang=kk

Жауап қалдыру