АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДА ИНТЕРНЕТ-АЛАЯҚТЫҚТЫҢ АЛДЫН АЛУ ШАРАЛАРЫ КҮШЕЙТІЛУДЕ

Жарияланды:

Автор:

категорияда

«Заң және тәртіп» тұжырымдамасы аясында Алматы облысы Полиция департаментінің Киберқылмысқа қарсы іс-қимыл басқармасы мен ҚР Бас прокуратурасының Құқықтық статистика және арнайы есепке алу комитетінің Алматы облысы бойынша департаменті бірлесіп интернет-алаяқтықтың алдын алуға бағытталған профилактикалық іс-шара өткізді.

– Талдау нәтижесіне сәйкес, 2026 жылдың екі айында өңірде интернет-алаяқтық деректері 34%-ға төмендегені байқалады. Барлығы 213 құқық бұзушылық тіркелсе, өткен жылдың осы кезеңінде 356 факт болған. Сонымен қатар, ең осал санаттардың бірі – егде жастағы азаматтар болып отыр. 42 жағдайда алаяқтардың құрбаны 60 жастан асқан азаматтар болған, олардың 27-сі әйел, 15-і ер адам, – деп атап өтті киберполицейлер.

Ең жиі кездесетін алаяқтық тәсілдеріне онлайн несие рәсімдеу, өзін банк қызметкері ретінде таныстырып, SMS арқылы келген кодтарды сұрау, мессенджерлерде фишингтік сілтемелер тарату, «тиімді инвестиция» ұсыну, сондай-ақ жоқ тауарлар мен қызметтерді сатуға қатысты жалған хабарландырулар беру жатады.

– Іс-шара барысында прокуратура және полиция қызметкерлері азаматтарға цифрлық қауіпсіздіктің негізгі ережелерін түсіндіріп, алаяқтық белгілері анықталған жағдайда құқық қорғау органдарына жүгіну тәртібін жеткізді. Күдікті қоңыраулар немесе хабарламалар түскен жағдайда азаматтарға дереу полицияға немесе 102 нөміріне хабарласу ұсынылады, – деп хабарлады тәртіп сақшылары.

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/mvd-alm/press/news/details/1182936?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді