ҚАБЫЛДАУДА КӨТЕРІЛГЕН МӘСЕЛЕЛЕР ЗАҢ ШЕҢБЕРІНДЕ ҚАРАЛДЫ

Жарияланды:

Автор:

категорияда
 
🇰🇿Төлеби ауданы әкімінің орынбасары Бағдатбек Жанғазиев тұрғындарды жеке мәселелері бойынша қабылдап, азаматтардың өтініштері мен ұсыныстарын тыңдады.
 
✅Қабылдау барысында тұрғын үй мәселелері кеңінен қаралып, тұрғын үй кезегіне тұру, сондай-ақ мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға берілетін (арендалық) пәтер алу тәртібі заңнама талаптарына сәйкес түсіндірілді.
 
✅Сонымен қатар, қазіргі таңда тұрғын үй кезегінде тұрған азаматтар үшін деректерді түгендеу үдерісі «Отбасы банк» арқылы жүргізілетіні, түгендеуден уақытылы өту – азаматтардың тұрғын үй кезегіндегі мәртебесін сақтау үшін міндетті талаптардың бірі екені түсіндірілді.
 
©️Төлеби ауданы әкімінің баспасөз қызметі

Ақпарат көзі : https://www.gov.kz/memleket/entities/turkestan-tolebi-audany/press/news/details/1183137?lang=kk


Комментарии

Жауап қалдыру

Сіздің электрондық пошта мекенжайыңыз жарияланбайды. Қажетті өрістер * белгісімен белгіленеді